Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
288-бап. Мемлекеттік кіріс органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамау
1. Салық төлеушінің мемлекеттік кіріс органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамауы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
он бec айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушi кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) салықтық тексерудi жүргiзетін мемлекеттік кіріс органының лауазымды адамының кiруiне заңсыз кедергi келтiру –
қырық бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-288/