Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

301-2-бап. Технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты беру жөніндегі талаптарды бұзу

Об административных правонарушениях · № 235

1. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектілерінің туындаған технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты уақтылы, анық бермеуі – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектілерінің туындаған технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты жасыруы – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-301-2/