Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
301-бап. Әзірлік паспортын алу мерзімін бұзу
1. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың, жылумен жабдықтау субъектілерінің жұмысқа әзірлік паспортын алу мерзімін күзгі-қысқы кезеңде бұзуы –
лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
лауазымды адамдарға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескерту. Осы бапта энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектісінің лауазымды адамы деп энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жылумен жабдықтау субъектісінің бірінші басшысын немесе оның міндетін атқарушы адамды түсіну керек.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-301/