Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

309-2-бап. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінің және (немесе) жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінің жылу желілеріне өз бетінше қосылу

Об административных правонарушениях · № 235

1. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінің және (немесе) жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінің жылу желілеріне өз бетінше қосылу – жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-309-2/