Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

327-2-бап. Келтірілген экологиялық залалды ремедиациялауды (жоюды) тиісінше жүргізбеу немесе жүргізбеу

Об административных правонарушениях · № 235

1. Келтірілген экологиялық залалды ремедиациялауды (жоюды) тиісінше жүргізбеу, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, – жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Келтірілген экологиялық залалды ремедиациялауды (жоюды) жүргізбеу – тиісті экологиялық рұқсаттың қолданысын немесе қызметті тоқтата тұрып, бұзушылық жасау нәтижесінде алынған экономикалық пайда сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-327-2/