Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
339-бап. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерді орындамауы
1. Жер учаскелері меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың:
1)
жерді нысаналы мақсатына сай емес, ал елді мекендер жерінде – функционалдық аймаққа сәйкес емес пайдаланудан;
2) жер қатынастары саласындағы
заңда
көзделген жерді қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырмаудан;
3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органды ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде жер пайдалану құқығын иеліктен шығару туралы хабардар етпеуден немесе уақтылы хабардар етпеуден көрінетін жер учаскелерін пайдалану жөніндегі міндеттерді орындамауы –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-339/