Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
343-1-бап. Қазақстан Республикасының метеорологиялық мониторинг саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу
1. Метеорологиялық мониторинг саласындағы жұмыстарды:
1) алынған метеорологиялық ақпаратты белгіленген тәртіппен Ұлттық гидрометеорологиялық қызметке бермеу;
2) метеорологиялық ақпаратты шығарушылардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін хабарламаны жіберу кезінде ұсынылған қандай да бір деректердің өзгерістері туралы хабардар етпеу не уақтылы хабардар етпеу түрінде міндетті талаптарды бұза отырып, жүзеге асыру –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Метеорологиялық ақпаратты шығарушылардың мемлекеттік тізіліміне енгізу кезінде көрінеу анық емес ақпарат беру –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекет –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-343-1/