Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

347-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезiнде экологиялық талаптарды бұзу

Об административных правонарушениях · № 235

1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде экологиялық талаптарды бұзу, егер бұл іс-әрекет экологиялық залал келтіруге алып келмесе, – жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектiлерi үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекет – жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-347/