Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

352-бап. Тау-кен қазбалары мен бұрғылау ұңғымаларын олардың сақталуын және халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жай-күйге келтiру жөніндегі талаптарды бұзу

Об административных правонарушениях · № 235

Маркшейдерлiк құжаттаманы жоғалту, жойылатын немесе консервацияланатын тау-кен қазбалары мен бұрғылау ұңғымаларын халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жай-күйге келтiру жөнiндегi талаптарды, сондай-ақ консервациялау уақытында тау-кен қазбалары мен бұрғылау ұңғымаларын сақтау жөнiндегi талаптарды бұзу – лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-352/