Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

354-бап. Мемлекеттік бақылау органдарына жер қойнауын пайдалану туралы ақпаратты, геологиялық ақпаратты беруден бас тарту немесе жалтару

Об административных правонарушениях · № 235

Мемлекеттік бақылау органдарына жер қойнауын пайдалану, өндірілген пайдалы қазбалар туралы ақпаратты, сондай-ақ геологиялық ақпаратты уақтылы, толық және анық беруден бас тарту немесе жалтару – шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алты, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-354/