Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

366-бап. Орман қоры жерлерінде заңсыз тегістеу, құрылыстар тұрғызу, сүректі қайта өңдеу, қоймалар орналастыру

Об административных правонарушениях · № 235

Орман қоры жерлерінде заңсыз тегістеу, құрылыстар тұрғызу, сүректi қайта өңдеу, қоймалар орналастыру – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Ескертпе. Осы Кодекстің 366, 368, 370, 371, 375, 381, 382, 386, 387 және 388-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасаған тұлғалар айлық есептік көрсеткіштен бес және одан да көп есе асатын залал келтірген жағдайда, олар әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-366/