Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

370-бап. Орман қоры жерлерiндегі шабындықтар мен жайылымдық алқаптарды бүлдiру, сондай-ақ заңсыз шөп шабу және мал жаю, дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзатты жинау

Об административных правонарушениях · № 235

1. Орман қоры жерлерiндегі шабындықтар мен жайылымдық алқаптарды бүлдiру – ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ормандар мен орман қоры жерлерiнде заңсыз шөп шабу және мал жаю – ескерту жасауға немесе жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзатты тыйым салынған немесе орман билетiмен ғана жол берілген учаскелерде заңсыз жинау – ескерту жасауға немесе жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi, екінші және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған әрекеттер – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-370/