Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
374-бап. Ормандардың жай-күйiне және оларды молықтыруға зиянды ықпал етуге әкеп соққан объектiлерді салу және пайдалану
1. Ормандардың жай-күйiне және оларды молықтыруға зиянды ықпал етуге әкеп соққан объектiлерді салу және пайдалану –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол әрекеттер –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-374/