Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

377-бап. Пестицидтерді, улы химикаттарды және басқа да препараттарды заңсыз тасымалдау, өткізу, сақтау және қолдану

Об административных правонарушениях · № 235

1. Осы Кодекстің 416-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қоршаған ортаны ластауға не жануарлар дүниесіне залал келтіруге алып келген немесе алып келуі мүмкін болған пестицидтерді, улы химикаттарды және басқа да препараттарды заңсыз тасымалдау, өткізу, сақтау және қолдану – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол әрекеттер – жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-377/