Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

379-бап. Елдi мекендердi, кәсiпорындарды және басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және салу, өндiрiстік процестерді жүзеге асыру және көлiк құралдарын пайдалану, өсiмдiктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да препараттарды қолдану кезiнде өсiмдiктер мен жануарларды қорғау іс-шараларын бұзу

Об административных правонарушениях · № 235

Осы Кодекстің 416-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, елді мекендерді, кәсiпорындарды және басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және салу, өндiрiстік процестерді жүзеге асыру және көлiк құралдарын пайдалану, өсiмдiктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да препараттарды қолдану кезiнде өсiмдiктер мен жануарларды қорғау іс-шараларын бұзу – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – сегіз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он төрт, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-379/