Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

390-бап. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру және берілген рұқсаттарды пайдалану тәртібін бұзу

Об административных правонарушениях · № 235

1. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру тәртібін бұзу – лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жыныс-жас құрамын (көрсетілген жағдайда) заңсыз алудан көрінген, жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсаттарды, жануарлар дүниесін мекендеу ортасынан алу мерзімдерін, болжамды алу учаскесінің аумағын және шекарасын, алу тәсілдерін (аулау, атып алу, жинау) бұзу, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, – жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он екі, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-390/