Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

393-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында теңiзде ғылыми зерттеулер жүргiзу қағидаларын бұзу

Об административных правонарушениях · № 235

1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында қызметтiң заңды түрлерiне кедергi жасаған немесе жасауы мүмкiн, Қазақстан Республикасының рұқсатында немесе халықаралық шарттарында көзделген теңiзде ғылыми зерттеулер жүргiзу қағидаларын бұзу не Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында теңiзде ғылыми зерттеулердің бағдарламасын заңсыз өзгерту – жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-393/