Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
395-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын қорғау органдары лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамау
1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын қорғау органдары лауазымды адамдарының кеменi тоқтату туралы заңды талаптарын орындамау, сондай-ақ осы лауазымды адамдардың өздерiне жүктелген өкiлеттiктердi жүзеге асыруына, оның iшiнде кеменi қарап-тексеруiне кедергi келтіру –
жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
құқық бұзушылық жасау кемесі мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеу нәтижелерi тәркiлене отырып не онсыз, бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-395/