Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
398-бап. Бекіре тұқымдас балықтардың таңбалау тәртібін бұза отырып таңбаланған уылдырығын не таңбаланбаған уылдырығын өткізу
1. Бекіре тұқымдас балықтардың таңбалау тәртібін бұза отырып таңбаланған уылдырығын не таңбаланбаған уылдырығын өткізу –
таңбалау тәртібін бұза отырып таңбаланған уылдырық не таңбаланбай өткізілетін уылдырық тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – отыз бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – тоқсан, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
таңбалау тәртібін бұза отырып таңбаланған уылдырық не таңбаланбай өткізілетін уылдырық тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-398/