Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
403-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзу
1. Фитосанитариялық есептiлiктi ұсынбау, сол сияқты уақтылы ұсынбау –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Фитосанитариялық бақылау объектілерінде фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шараларды зиянды
және аса қауіпті зиянды организмдердің саны зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен жоғары болатындай олардың дамуы мен таралуына әкеп соққан жүргiзбеу –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Мынадай:
1) пестицидтерді және олардың ыдыстарын залалсыздандыру үшін арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) болмауы;
2) пестицидтерді берушілер (өндірушілер, импорттаушылар, сатушылар) әзірлеген және ұсынатын, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын залалсыздандыру әдістері мен технологияларының болмауы;
3) қауіптілігі бірінші сыныпты, мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамсыз болып қалған пестицидтерді герметикалығын қамтамасыз етпейтін және қоршаған ортаның пестицидтермен ластану мүмкіндігін жоққа шығармайтын ыдыстарда сақтау;
4) қауіптілігі екінші сыныпты пестицидтерді қажет болған кезде полимер материалдардан жасалған арнайы қалташалары жоқ көп қабатты ыдысқа (пестицидтің) ерекшелігіне қарай) буып-түю;
5) бүтіндігі бұзылған қаптамадағы
пестицидтерді қайта буып-түю;
6)
пестицидтердің қағаз немесе ағаш ыдыстарын
жағып жіберу арқылы жою үшін экологиялық бақылау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы жөніндегі мемлекеттік органдар заңнамаға сәйкес айқындаған орындарда жағылатын
қоспалардың уытты емес (қауіпті емес) заттарға айналғанға дейін ыдырауын қамтамасыз ететін жоғары температуралық қондырғылардың болмауы;
7) тыйым салынған, жарамсыз болып қалған
пестицидтерді және олардың ыдыстарын тиеуге, тасымалдауға және түсіруге арналған механикаландыру құралдарының болмауы түрінде жасалған
пестицидтерді залалсыздандыруды жүргізбеу және арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) тиiстi емес жай-күйде ұстау –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Арнаулы сақтау қоймаларын (көмiндiлердi) салу бойынша шаралар қабылдамау –
лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-403/