Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
407-бап. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасын:
1) жеке және заңды тұлғалардың бонитирлеуден (бағалаудан) өтпеген асыл тұқымдық өнімді (материалды) өткізуі;
2) жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымдық куәлік бермей асыл тұқымдық өнімді (материалды) өткізуі;
3) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің деректерді есепке алуды жүргізуден бас тартуы және есептілікті ұсынбауы;
4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің, бюджеттік субсидияларды алған жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың актілерін орындамауы;
5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген асыл тұқымды малдан алынған ұрықтар мен эмбриондарды пайдалануы;
6) жеке және заңды тұлғалардың бонитирлеуден (бағалаудан) өтпеген асыл тұқымды малдарды өсімін молайту мақсатында пайдалануы;
7) жеке және заңды тұлғалардың асыл тұқымды малды бонитирлеу (бағалау) нәтижелерін бұрмалауы түрінде жасалған бұзушылық –
8) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;
9) алып тасталды - ҚР 27.11.2015 № 424-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі;
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы, хабарлама жасауға жататын қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген міндеттерді сақтамауы –
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметін тоқтата тұрып не онсыз, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), сол сияқты осы баптың бiрiншi және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау –
асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметке тыйым салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-407/