Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

411-бап. Өрт қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн жарылу-өрт қаупi және өрт қаупi бар өнiмдiшығару және өткiзу

Об административных правонарушениях · № 235

Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, өрт қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн жарылу-өрт қаупi және өрт қаупi бар өнiмдi шығару және өткiзу, егер бұл абайсызда денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге және (немесе) жеке немесе заңды тұлғаға не мемлекетке iрi залал келтiруге алып келмесе, – лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Ескертпе. Осы Кодекстiң осы бабына қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде бiр жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын сома iрi залал деп танылады. 411-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасында белгіленген, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша азаматтық қорғау іс-шараларын орындамау
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-411/