Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
413-1-бап. Заңды тұлғалардың атом энергиясын пайдалану саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзуы
1. Заңды тұлғалардың атом энергиясын пайдалану саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзуы –
қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып не онсыз, алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салына отырып не онсыз, бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе.
Осы бапта заңды тұлғалар деп атом энергиясын пайдалану саласында қызметін ядролық қондырғылармен және ықтимал радиациялық қауіптілігі
I және II санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілер түсініледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-413-1/