Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
419-бап. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын:
1) мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өлшемдерге, өлшем құралдарына, стандартты үлгілерге, өлшемдерді орындау әдістемелеріне қойылатын міндетті метрологиялық талаптарды бұзу;
2) мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын, типін бекіту мақсатына арналған сынақтан немесе метрологиялық аттестаттаудан, сондай-ақ салыстырып тексеруден өтпеген және (немесе) өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілмеген өлшем құралдарын айналымға шығару, қолдану;
3) мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын және метрологиялық аттестаттаудан және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеуден өтпеген өлшемдерді орындау әдістемелерін қолдану түрінде жасалған бұзушылық –
жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
жеке тұлғаларға – тоқсан, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – төрт жүз алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-419/