Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
42-бап. Әкiмшiлiк жазалардың негiзгi және қосымша шаралары
1. Ескерту жасау, әкiмшiлiк айыппұл, әкімшілік қамаққа алу, қоғамдық жұмыстар негiзгi әкiмшiлiк жазалар ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн.
2. Арнайы құқықтан айыру, рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тізілімнен алып тастау, қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, сондай-ақ
шетел азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу негiзгi, сол сияқты қосымша әкiмшiлiк жазалар ретiнде қолданылуы мүмкiн.
3. Тәркілеу, заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу қосымша әкімшілік жаза ретінде ғана қолданылуы мүмкін.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-42/