Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

433-бап. Денсаулық сақтау субъектілерінің уәкілетті органдарға хабарлау жөніндегі міндеттерді бұзуы

Об административных правонарушениях · № 235

1. Денсаулық сақтау субъектілерінің ақпаратты: халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға – айналадағыларға қауіп төндіретін инфекциялық аурулар, уланулар жағдайлары туралы; медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органға – жүкті, босанатын әйелдердің, босанған әйелдердің босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күн ішінде қайтыс болу, пациенттерге жоспарлы медициналық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек) көрсету кезінде олардың кенеттен қайтыс болу жағдайлары туралы; азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға – төтенше ахуалдардың медициналық-санитариялық салдарының туындау қатері және (немесе) туындауы туралы; ішкі істер органдарына – жаңа алған жарақаттар, жаралар, жүктілікті жасанды үзуді заңсыз жүргізу, тұрмыстық зорлық-зомбылық себебі бойынша жүгінген адамдар туралы, айналадағыларға қауіп төндіретін аурулар жағдайлары туралы мәліметтерді беру (шұғыл хабарлау) жөніндегі міндеттерді бұзуы – жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет (әрекетсіздік) – жеке тұлғаларға – сертификаттан айыра отырып, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, лауазымды адамдарға – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-433/