Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

434-3 бап. Қазақстан Республикасының қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті киіп жүру туралы заңнамасының талаптарын бұзу

Об административных правонарушениях · № 235

1. Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, қызметтік (лауазымдық, еңбек) міндеттерін орындау үшін, медициналық мақсаттарда, азаматтық қорғау үшін, ауа райы жағдайларында, сондай-ақ спорттық, спорттық-бұқаралық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға тікелей қатысатын адамдарға қажет болатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті киіп жүру туралы заңнамасының талаптарын бұзу – ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-434-3/