Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

436-бап. Пиротехникалық бұйымдарды елдi мекендерде қолдану

Об административных правонарушениях · № 235

2. Жеке тұлғалардың тыныштығын, белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған, елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану – пиротехникалық бұйымдар тәркiленіп, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам жасаған әрекет – пиротехникалық бұйымдар тәркiленіп, ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған, сол сияқты осы Кодекстің 437-бабында көзделген құқық бұзушылық үшiн бiр жыл iшiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адам жасаған әрекет – пиротехникалық бұйымдар тәркiленіп, отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-436/