Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
440-бап. Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу
1. Жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Он сегіз жасқа толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі –
ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-440/