Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
443-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға
немесе жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-443/