Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
445-1-бап. Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын бұзу
1. Лотерея операторының әрбір тираждың және тираждық лотереяның лотерея билеттері,
электрондық лотерея билеттері
бойынша ұтыстардың нәтижелерін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімдік баспасөз басылымдарында жариялау немесе лотерея операторының интернет-ресурсында орналастыру жөніндегі талаптарды орындамауы, сол сияқты жариялау немесе орналастыру мерзімдерiн бұзуы –
қызметін тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Лотерея операторының лотерея өткізудің бекітілген талаптарының бір данасын лотерея және лотерея қызметі саласындағы уәкілетті органға жіберу және лотерея өткізудің талаптарын өзінің интернет-ресурсында орналастыру туралы талаптарды орындамауы, сол сияқты жіберу немесе орналастыру мерзімдерiн бұзуы –
қызметін тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Лотерея операторының таратылған лотерея билеттері,
электрондық лотерея билеттері, өткізілген лотерея билеттерінен,
электрондық лотерея билеттерінен
түскен түсім, төленген ұтыстар туралы ақпаратты жинау, қалыптастыру, сақтау және есепке алу жөніндегі талаптарды бұзуы, сол сияқты оны лотереялар және лотерея қызметі саласындағы уәкілетті органға бермеуі, уақтылы бермеуі не анық емес ақпарат беруі –
қызметін тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Лотерея операторының жүлде қорын қалыптастыру жөніндегі талаптарды бұзуы –
қызметін тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
қызметін тоқтата тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Лотерея операторы болып табылмайтын тұлғаның лотерея өткізуі –
жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
7. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстер тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жеті жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-445-1/