Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
456-1-бап. Ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектеу
1. Жауаптылығы осы Кодекстің басқа баптарында көзделген әрекеттерді қоспағанда, ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпарат пайдаланушының сұрау салуы бойынша берілуге жататын жағдайларда мұндай ақпаратты беруден құқыққа сыйымсыз бас тарту не көрінеу жалған ақпарат беру –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы Кодекстің 504-бабының үшінші бөлігінде көзделген әрекеттерді қоспағанда, қол жеткізу шектелген ақпарат болып табылмайтын ақпаратты қол жеткізу шектелген ақпаратқа құқыққа сыйымсыз жатқызу –
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші бөлікте көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-456-1/