Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

457-бап. Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу

Об административных правонарушениях · № 235

1. Лауазымды адамның мемлекеттiк тiркелуге жататын нормативтiк құқықтық актiнi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осындай тiркеуге ұсынбауы – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Лауазымды адамның белгіленген тәртіппен күші жойылған, сот жарамсыз деп таныған, белгіленген тәртіппен ресми жарияланбаған, қолданысқа енгізілмеген не қолданысын уәкілетті орган тоқтата тұрған, сондай-ақ әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтпеген нормативтiк құқықтық актiнi қолдануы – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-457/