Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
468-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы заңнамасын бұзу
1. Жария етуге жатпайтын сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнде қамтылған мәлiметтердi жария ету, сол сияқты Қазақстан Республикасының сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді:
уәкілетті орган:
1) тіркеуші органдар өтініш берген кезден бастап бір жұмыс күні ішінде сәйкестендіру нөмірін қалыптастырмау;
2) тіркеуші мемлекеттік органдар және өзге де мемлекеттік мекемелер өтініш берген кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей оларға ақпарат бермеу түрінде жасаған;
тіркеуші орган:
1) уәкілетті органға сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру үшін мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде уақтылы ұсынбау;
2) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері цифрлық жүйелерінің деректерін толықтыру және өзектілік жағдайда ұстау үшін уәкілетті органға мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынбау;
3) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен сәйкестендіру нөмірлерін алып тастау немесе шартты түрде алып тастау үшін уәкілетті органға мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынбау түрінде жасаған;
мемлекеттік органдар және өзге де мемлекеттік мекемелер:
1) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері цифрлық жүйелерінің деректерін толықтыру және өзектілік жағдайда ұстау үшін уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынбау;
2) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен сәйкестендіру нөмірлерін алып тастау немесе шартты түрде алып тастау үшін уәкілетті органға мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынбау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу, рұқсат беру және өзге де сипаттағы құжаттарды беру кезінде сәйкестендіру нөмірін ескермеу түрінде жасаған;
банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар:
сәйкестендіру нөмірін ескермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қалыптастыру алгоритміне сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірінің және (немесе) есептеу алгоритміне сәйкес жеке сәйкестіндіру нөміріндегі бақылау разрядының дұрыс көрсетілуін бақыламау түрінде жасаған –
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-468/