Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
480-бап. Әкімшілік қадағалауды бұзу
1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның әкiмшiлiк қадағалау қағидаларын немесе өзiне қатысты сот белгілеген шектеулерді орындамауы –
ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiккке дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-480/