Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
50-бап. Әкiмшiлiк қамаққа алу
1. Әкімшілік қамаққа алу - отыз тәулікке дейінгі, ал
төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы режимінің талаптарын бұзғаны үшін қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге белгіленеді. Әкімшілік қамаққа алуды судья айрықша жағдайларда осы бөлімнің Ерекше бөлігінде көзделген шектерде тағайындайды.
2. Жүктi әйелдерге және он төрт жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге, он сегiз жасқа толмаған адамдарға,
бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ елу сегiз жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастан асқан еркектерге және он төрт жасқа толмаған балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге әкiмшiлiк қамаққа алуды қолдануға болмайды.
ҚР Конституциялық Сотының 18.05.2026 № 80-НҚ нормативтік қаулысымен осы Кодекстің 50-бабының
екінші бөлігі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылсын.
3. Әкiмшiлiк ұстап алу мерзiмi әкiмшiлiк қамаққа алу мерзiмiне қосылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-50/