Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

504-бап. Мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы, сондай-ақ таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратпен жұмыс істеудегі белгіленген талаптарды бұзу

Об административных правонарушениях · № 235

1. Мемлекеттiк құпияларға қол жеткізудің немесе жіберудің белгiленген тәртiбiн бұзу – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуге жіберілген немесе бұрын жіберілген адамдардың мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі белгіленген талаптарды бұзуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Құпияландыруға жатпайтын мәліметтерді және олардың жеткізгіштерін негізсіз құпияландыру, мемлекеттік құпияларға жатқызылмаған мәліметтерді құпияландыру үшін құпиялылық белгілерін және өзге де шектеу белгілерін пайдалану, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгінде көзделген, заңдылықтың бұзылғандығын жасыру мақсатында жасалған әрекеттер – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және олардың жеткізгіштерін негізсіз құпиясыздандыру, жеткізгіштерді құпияландыру кезінде оларды құпиясыздандырудың белгіленген мерзімдерін бұзу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттер белгілері болмаса, – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу бойынша белгіленген талаптарды оған кәсіптік немесе қызметтік жұмысына байланысты рұқсат берілген адамдардың осы мәліметтердің жария етілуіне немесе жоғалуына әкеп соққан бұзуы – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-504/