Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
510-бап. Шекара аймағында шекара режимiн және жекелеген жерлерде болу тәртiбiн бұзу
1. Мыналардың:
1) жеке басын куәландыратын құжаттарсыз Қазақстан Республикасы азаматының,
шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның;
3) Қазақстан Республикасына жеке басын куәландыратын құжатсыз оңайлатылған өткізу пункттері арқылы кірген не белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасынан кетуден жалтарған
шетел азаматының (іргелес мемлекеттердің шекаралас аудандары тұрғынының), сол сияқты
шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан шығу мақсатында өткізу пунктіне халықаралық теміржол және автомобиль қатынастары жолдары бойынша шекара аймағы арқылы жүруі кезіндегі маршрутын өзгертуі –
2. Шекара аймағында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін хабардар етпей, шаруашылық, кәсiпшiлiк және өзге де қызметтер жүргiзу, қоғамдық-саяси, мәдени және өзге де iс-шаралар өткiзу –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3.
Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың келуі үшін Қазақстан Республикасының уақытша жабық аумағына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және ішкі істер органдарының рұқсатынсыз
шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның кіруі (өтуі), онда уақытша болуы немесе жүріп-тұруы -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың
бірінші, екінші, үшінші бөлiктерiнде көзделген,
шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған іс-әрекеттер –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.
5. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, Қазақстан Республикасының азаматы әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-510/