Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

512-бап. Қазақстан Республикасының ішкі және аумақтық суларының режимдерін бұзу

Об административных правонарушениях · № 235

1. Қазақстан Республикасының ішкі және аумақтық суларындағы, шекаралық өзендер, көлдер және өзге де су айдындары суларының қазақстандық бөлiгiндегі режимді Қазақстандық шағын көлемдi өздiгiнен жүзетiн және өздiгiнен жүзбейтiн (суүсті және суасты) кемелердi (құралдарды) және мұз үстімен жылжитын кемелердi (құралдарды) есепке алудың, күтiп-ұстаудың, олардың орналасу пункттерінен шығуының және орналасу пункттеріне қайтып оралуының, суда болуының белгiленген тәртібін сақтамаудан көрінген бұзу – жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының ішкі және аумақтық суларында, шекаралық өзендер, көлдер және өзге де су айдындары суларының қазақстандық бөлiгiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып, уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатынсыз кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру қызметін немесе өзге де қызметті жүргiзу – әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын көлік құралдары мен өзге де заттар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-512/