Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
516-бап. Әскери қызметшінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі міндеттерін атқаруына байланысты оның заңды өкіміне немесе талабына бағынбау
1. Әскери қызметші Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі міндеттерді атқарған кезде оның заңды өкіміне немесе талабына бағынбау –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген,
шетел азаматы не азаматтығы жоқ адам жасаған әрекеттер –
Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-516/