Мазмұнға өту
Об административных правонарушениях Қолданыста 12.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

525-бап. Тауарлардың кету тәртібін бұзу

Қолданыста 12.07.2026 редакциясы

Об административных правонарушениях · № 235

1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарлардың кету тәртібін бұзу не Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кету үшін құжаттарды ұсынбау – ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет – жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.