Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

53-1-бап. Азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру

Об административных правонарушениях · № 235

Осы Кодекстің 484-бабының бірінші бөлігінде, 485-бабының бірінші бөлігінде және 486-бабының бірінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтарды жасаған азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушылары азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыруға жіберіледі. Азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны осы Кодекстің көрсетілген баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органдар (лауазымды адамдар) шығарады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-53-1/