Мазмұнға өту
Об административных правонарушениях Қолданыста 12.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

536-бап. Кеден өкiлiнiң кеден iсi саласындағы қызметтiжүзеге асыру тәртiбiн бұзуы

Қолданыста 12.07.2026 редакциясы

Об административных правонарушениях · № 235

1. Кеден өкiлiнiң үшiншi тұлғамен азаматтық-құқықтық шарт жасаспай не шарттың қолданылу мерзiмi өткен соң немесе оны бұзғаннан кейiн үшiншi тұлғаның мүддесi үшiн кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыруы – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, кеден өкiлiнің бiр жыл iшiнде қайталап жасаған әрекеті – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.