Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
538-бап. Кедендік декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi беру мерзiмдерiн бұзу
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендiк декларациялау кезiнде кедендiк декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi мемлекеттік кіріс органына белгiленген мерзiмдерде ұсынбау –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар болып табылатын, уақытша әкетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарына қатысты операциялар жасау туралы өтінішті мемлекеттік кіріс органына Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген мерзiмдерде ұсынбау –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-538/