Мазмұнға өту
Об административных правонарушениях Қолданыста 12.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

542-бап. Тауарларды қайта өңдеу және қайта өңдеу өнiмдерiн ауыстыру тәртiбiн бұзу

Қолданыста 12.07.2026 редакциясы

Об административных правонарушениях · № 235

1. Тауарларды қайта өңдеу тәртiбiн бұзу, яғни егер кедендік рәсім, тауарларды қайта өңдеу тәртiбi мен мерзiмдерi, қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу мөлшерi, мұндай тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар жүргiзу шарттарына сәйкес мұндай құжат міндетті болса, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатта қамтылған шарттарды сақтамау – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Отандық тауарлардың қайта өңдеу өнiмдерiн басқа тауарлармен ауыстырудың белгiленген тәртiбiн бұзу - жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.