Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

550-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құжаттарды немесе сәйкестендіру құралдарын алдап пайдалана отырып өткiзу

Об административных правонарушениях · № 235

Осы Кодекстің 555-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік кіріс органына кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар ретiнде жарамсыз құжаттарды, оның ішінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтамауға негіз болатын құжаттарды, заңсыз жолмен алынған құжаттарды не басқа тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты құжаттарды ұсына отырып, тауарлар мен көлiк құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзу, сондай-ақ тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен немесе уақытша сақтау қоймасына орналастыру, сондай-ақ қолдан жасалған сәйкестендіру құралын не басқа тауарлар мен көлік құралдарына қатысты төлнұсқа сәйкестендіру құралын пайдалану, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса,– әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар және (немесе) көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-550/