Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

552-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кеден қағидаларын бұза отырып әкелiнген тауарлар мен көлiк құралдарын тасу, сақтау, сатып алу, пайдалану немесе оларға билiк ету

Об административных правонарушениях · № 235

1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік бақылаудан тыс не осындай бақылаудан жасырып, не құжаттарды немесе сәйкестендіру құралдарын алдап пайдалана отырып, не декларацияланбай немесе анық емес декларацияланып әкелiнген тауарлар мен көлiк құралдарын тасу, сақтау, сатып алу, пайдалану немесе оларға билiк ету, сол сияқты өздеріне қатысты кедендік төлемдер және салықтар бөлігінде кедендік жеңiлдiктер берiлген, оларға байланысты осындай жеңiлдiктер берiлгеннен өзге мақсаттарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз пайдаланылатын не иелiктен шығарылатын тауарлар мен көлiк құралдарын тасу, сақтау және сатып алу – жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер - әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-552/