Мазмұнға өту
Об административных правонарушениях Қолданыста 12.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

562-бап. Ортақ пайдаланылатын көлiк құралдарын және олардың iшкi жабдығын бүлдiру

Қолданыста 12.07.2026 редакциясы

Об административных правонарушениях · № 235

Ортақ пайдаланылатын көлiк құралдарын, атап айтқанда, темiржол көлiгiнде жолаушылар вагондарын және локомотивтердi, теңiз және өзен көлiгiнде кемелердi, автобустарды, троллейбустарды, трамвайларды бүлдiру, сондай-ақ олардың iшкi жабдығын бүлдiру – жеке тұлғаларға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.