Мазмұнға өту
Об административных правонарушениях Қолданыста 12.07.2026 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

570-бап. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды бұзу

Қолданыста 12.07.2026 редакциясы

Об административных правонарушениях · № 235

1. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындамау не тиісінше орындамау – жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – қырық, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Әуежай, әуеайлақ аумағының периметрі қоршауларын күтіп-ұстау жөнінде шаралар қолданбау, егер бұл іс-әрекет авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға әкеп соқпаса, – заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.