Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

577-бап. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында жолаушыларды тасымалдау

Об административных правонарушениях · № 235

1. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында жолаушыларды тасымалдау үшiн жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды ұйымдастыру – шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында автокөлiк құралдарымен жолаушыларды тасымалдау – автокөлік құралдарының жүргізушілеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – автокөлік құралдарының жүргізушілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-577/